Алматыда қолында гранатасы бар ер адам ұсталды

10 Сәуір 2020, 01:46
1617
Бөлісу:
Алматыда қолында гранатасы бар ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары кезекшілік кезінде қолында гранатасы бар ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың баспасөз қызметі.

Аталған оқиға Төле би – Сайын көшелерінің аумағында болған.

Әскери қызметшілер Е.Болат пен А.Смайылдың айтуынша, оларға кезекшілік кезінде бір жігіт шағымданған. Ол белгісіз екі адамды нұсқап, олардың біреуінен граната көргендігін айтқан. Әскери қызметшілер екі адамның құжатын көрсетуін талап еткенде, олар қашуға әрекет жасайды. Алайда курсанттар белгісіз адамды ұстап алған.

Олардың біреуінің қалтасында бір нәрсе бар екенін байқадым. Кенеттен ол ішіндегісін шығарып, жерге лақтырып жіберді. Мен граната корпусын байқадым, ол граната сақтандырғышын басқа қалтасынан алып, қолында ұстады, - деп мәлім еткен курсант Ерсұлтан Болат.
Ұсталғандар полицияға тапсырылып, табылған зат сараптамаға жіберілген. Тексеру кезінде белгілі болғандай, ұсталғандардың бірі ұрлық және қарақшылық жасағаны үшін бұрын да сотталған. Қазір құқыққорғаушылар аталған азаматтың гранатаны қайдан алғанын және оны қалай қолдануды жоспарлағанын анықтауда.
Өзгелердің жаңалығы