Алматыда обырға қарсы ашық есік күні өтеді

15 Наурыз 2019, 19:06
2644
Бөлісу:
Алматыда обырға қарсы ашық есік күні өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Әйелдерге арналған ашық есік күні Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ертең сағат 09:00-15:00 аралығында өтеді.

Шараны AVON компаниясының «Обырға қарсы біргеміз» қоғамдық қоры және ҚазОжРҒЗИ бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Келушілер сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау туралы білікті мамандардан кеңес алып, тегін тексеруден өте алады.

Сондай-ақ, бұл күні дәрігер-маммолог мамандарының тексеруі мен кеңес беруінен басқа, маммография және УЗИ кабинеттері, цитологиялық зертхана жұмыс жасайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы