Бас жаңалықтар
Алматыда оқушылармен әскери-далалық жиын өтті
09 Қараша 2019, 03:42 178

Алматыда оқушылармен әскери-далалық жиын өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында "Жас Сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері мен әскери-патриоттық клубтардың құрамындағы балалар үшін алғаш рет әскери-далалық жиын өткізілді.

Қорғаныс ведомствосынан хабарлағандай, жас патриоттар үшін кедергілер жолағынан өту, АК-74 автоматынан ату, парашюттік дайындық сынды тапсырмалар берілді. Сонымен қатар курсанттар кавалерлық жасағын үйрететін базаға барды.
№95 және 19 мектептерден, Мәншүк Мәметова атындағы мектеп-гимназиядан, №1 облыстық балалар үйіндегі "Жас Сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері үшін жиын өте қарқынды өтті,- деді "Киров" әскери-патриоттық клубының жетекшісі Бақытжан Перімбет.
Жиында ең жас қатысушылар 5-сынып оқушылары болды. Өз жасына қарамастан, олар барлық тапсырмаларды нұсқаушы-оқытушылар құрамының бақылауымен сенімді орындады. Әскери-далалық жиын ҚРҚМ Алматы Қорғаныс жұмыстары жөніндегі департаменті мен Әскери-техникалық мектептің қолдауымен ұймдастырылды.
Біздің әскери-патриоттық клубымыз 5 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Алматы қаласы қорғаныс істері Департаментінің тікелей қатысуымен қызықты іс-шаралар тек әскери-патриоттық клубтарда ғана емес, балалар үйінде де өткізіледі. Біздің клубта балалар үйінің тәрбиеленушілері тау-альпинистік дайындықпен айналысады, - деді Бақытжан Перимбетов.

Алматы қаласының №95 жалпы білім беру мектебінің директоры Айнұр Сабированың айтуынша, "Жас Сарбаз" сыныбының ашылуы және балалардың осындай іс-шараларға қатысуы мектептің көңіл-күйіне тікелей әсер етеді.
Оқушылардың алдында үлгі кадеттер мен жас сарбаздар әрқашан үлгі болмақ, - деп атап өтті ол.




Фото: дереккөз
Загрузка...