Алматыда қоғамдық көліктің жүру уақыты өзгерді

29 Қыркүйек 2020, 11:23
2238
Бөлісу:
Алматыда қоғамдық көліктің жүру уақыты өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қоғамдық көліктердің жүру уақыты бір сағатқа ұзарды. Бұл туралы Алматы Көлік холдингі хабарлады.

29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүретін болады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, шілде айында қаланың бас санитарының шешімімен қоғамдық көліктердің жұмысы сағат 23.00-ден 22.00-ге дейін қысқарған еді.

Өзгелердің жаңалығы