Бас жаңалықтар
Алматыда Наурыз мерекесі жеті алаңда өтеді
05 Наурыз 2019, 19:48 172

Алматыда Наурыз мерекесі жеті алаңда өтеді

Астана. BAQ.KZ. Мерекелік іс-шаралар үлкен көлемде өткізіледі. Қаланың 7 бірдей алаңы халық серуенінің ортасына айналады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әр алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, олардың әрқайсысы: Алматының мәдени, спорттық және тарихи игілігін білдіретін, таңдаулы орындардың бірі саналады. 7 саны - осы бірегей әрі ерекше мерекенің түрлі жеті қырының символына айналмақ.. 
Төрт мерекелік күн аралығында, 21-24 наурыздың, қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерді, жәрмеңкелерді, фестивальдар мен көрмелерді тамашалай алады.
22, 23 наурызда Астана алаңында; 
21-24 наурызда  Панфилов көшесінде; 
21-24 наурызда Жібек жолы көшесінде;  
22 наурызда  "Almaty Arena" Мұз айдыны маңында;
22 наурызда "Halyk Arena" Мұз айдыны маңында;
23 наурызда "Сұңқар" Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің маңында;
22 наурызда "Атакент" көрме кешенінің алдындағы алаңда өтеді. 

Мерекелеу кезінде жастар ерекше назарда болады, "Жастар жылы" аясында перфоманстар, жәрмеңкелер, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері ұйымдастырылады.

Сізден жаңалық