Алматыда нан қымбаттамайды

19 Қараша 2019, 22:35
1840
Бөлісу:
Алматыда нан қымбаттамайды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда нан бағасын тұрақтандыру қолға алынды. Осы мақсатта Алматы қаласы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаладағы 4 нан өнімдерін өндіруші кәсіпорынмен келісімге қол қойды. Құжатқа сай аталған мекеме ас атасының бағасын 75-85 теңгеден асырмайды.

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Айта кетейін, алматылықтар бір күнде 500 тоннаға дейін 1 сұрыптағы нан-тоқаш өнімдерін жейді екен.
Бұл меморандумның арқасында Ақмола облысының ұн өндірушісінен ұнды 115 теңге тұрақтандырылған бағамен аламыз және бұл жерде біз ешқандай бюджеттік ақша, қаржы сұрап отырған жоқпыз. Бұл – кәсіпкерліктің, өзара келісімнің арқасында болып отырған жағдай, – деді "Алматы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ департамент басшысы Сұңқар Шорнақов.
Өзгелердің жаңалығы