Бас жаңалықтар
Алматыда 1,2 мың мұқтаж отбасыға ет таратылды
01 Тамыз 2020, 16:44 150

Алматыда 1,2 мың мұқтаж отбасыға ет таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Құрбан айттың бірінші күні 1200 мұқтаж жанға онлайн өтініш бойынша құрбандыққа шалынған ет таратылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Құрбан айттың бірінші күні, 31 шілдеде Qurban-2020 онлайн платформасы арқылы 296 бас құрбандық малы, сонымен бірге 6 ірі мал шалынды. Мұқтаж жандарды қамту бойынша барлық шара қолға алынған. Барлық құрбандық еті 1200 мұқтаж адамға таратылды. Құрбандыққа шалынған етті тарату үшін 80 волонтер, 6 шағын автобус, 30 жеңіл автокөлік тартылды.

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таратпау мақсатында 31 шілдеден 2 тамыз аралығында келесі тізімде тыйым салынғанын еске саламыз: 

- Меншік иесіне қарамастан, барлық ұйымда, сонымен бірге жекеменшік үй-жайлар мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуымен өтетін шараларды өткізуге;

- Алматы қаласының аумағында автокөліктер арқылы мал сойысын ұйымдастыруға және союға, және жекеменшік үй-жайларда мал сатуға;

Сонымен бірге, белгіленген мерзімде Алматы қаласының Орталық мешітімен бекітілген онлайн режимде құрбандық шалуды жүзеге асыратын орындарды қоспағанда, мал сататын цехтар мен базарлардың жұмысы тоқтатылды. 

Қаулыны орындау мақсатында Дін істері жөніндегі басқарма, Полиция департаментінің ЖПҚ, СЭС және ветеринарлық қызметкерлерімен мешіттерде, базарларда, қайырымдылық мекемелерінде, мал соятын цехтарда және басқа орындарда кезекшілік ұйымдастырылған. 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы хабарлағандай, 31 шілде күні белгіленбеген орындарда мал сойып, оны сатудың 14 фактісі анықталды. 

Азаматтарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз, белгіленбеген орындарда мал сойып, оны сату коронавирус инфекциясының таралуына әкелуі мүмкін, - делінген таратылған ақпаратта.


Фото: дереккөз
Загрузка...