Алматыда мейрамхана мен саунаның жұмысы тоқтатылды

12 Қараша 2020, 14:25
1921
Бөлісу:
Алматыда мейрамхана мен саунаның жұмысы тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық аудан әкімінің орынбасары Жанар Сәдуақасова онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, аудандағы мониторингті топтар адамдар көп жиналатын нысандарда карантин шаралары қалай жүргізіліп жатқанын қатаң бақылауда. Тек 8-ші қарашадан бері 384 нысанды тексеріп үлгерген. Нәтижесінде 57 нысаның карантин ережелерін бұзғаны анықталған. Ол бойынша 7 хаттама толтырылып, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салыныпты. Оның ішінде 6 жағдай маска тағу режимін бұзу бойынша тіркелген.

Өткен демалыс күндері де аудандағы мониторингті топтар күшейтілген режимде жұмыс істеді, сондай-ақ оның қатарында қоғам белсенділері мен Jas Otan-дықтар, волонтерлер болды. Олар түнде 59 нысанды тексерді. Тексеріс кезінде 51 нысан жабық болған, ал 8-інде заңбұзушылық тіркелді. Мейрамхана, компьютерлік клуб сияқты 5 нысанның жұмысы бірден тоқтатылып, келушілер шығарылды.  Сонымен қатар келушілер саны 50 пайыздан асып кеткен сауна тіркелді, Сондай-ақ 150 адам жиналып, қызұзату жасап жатқан «Хан сарайы» мейрамханасының жұмысы тоқтатылды, - деді Жанар Сәдуақасова. 

Сонымен қатар ол бұл бағыттағы тексеру жұмыстары күнделікті атқарылып жатқанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы