Бас жаңалықтар
Алматыда мереке күнінде камаз әйелді қағып өлтірді
08 Наурыз 2021, 17:39 4343

Алматыда мереке күнінде камаз әйелді қағып өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде Алматыда Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында апат болды, деп хабарлады zakon.kz.

КамАЗ көлігі қаладағы Шаляпин бойымен шығыс бағытта келе жатты. Жүргізушінің айтуынша, алдыңғы дөңгелектері бірдеңені басып кеткенін сезгенде тежегішті қатты басқан. Бірден артқы айнаға қарағанда дөңгелегінің астынан шығып тұрған адамның аяғын көреді.

Жүргізуші дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Дәрігер сол жерден жан тапсырғанын хабарлады. 

КамАЗ алдыңғы және ортаңғы осьпен әйелді басып кеткен. Жүргізушінің айтуынша, ол әйелдің қайдан келгенін де білмейді.

Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жол полициясы зерттеп жатыр. Криминалист сол жерде жұмыс істейді. Табылған құжаттарға қарағанда, әйел 1963 жылы дүниеге келген.


Фото: дереккөз
Загрузка...