Алматыда мектептер жанындағы 70-тен астам футбол алаңы модернизацияланады

10 Қыркүйек 2021, 09:28
8824
Бөлісу:
Алматыда мектептер жанындағы 70-тен астам футбол алаңы модернизацияланады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы айтты.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында балалардың денешынықтыру мен бұқаралық спортқа белсенді түрде қатысатынын хабарлады. 

Алматыда мектептер жанындағы 70-тен астам футбол алаңы модернизацияланады

Ол үшін жалпықалалық спорт инфрақұрылымынан бөлек мектеп жанындағы спорт аймағының әлеуетін дамытамыз. Өткен 2020-2021 жж. оқу жылында МЖӘ аясында мектеп жанындағы 4 спорт алаңы жаңғыртылды. Биыл жыл соңына дейін 61 мектептің жанындағы спорт нысанын жаңғыртуды аяқтаймыз. Онда 73 футбол, 63 волейбол мен баскетбол алаңы, сондай-ақ воркаут-аймақтар мен жүгіру жолдары бар, - деп жазды Сағынтаев.

Алматыда мектептер жанындағы 70-тен астам футбол алаңы модернизацияланады

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын іске асыру жалғаса беретін атап өтті. 


Бұрын хабарланғанындай, Алматыда жаңа оқу жылында мектептерге 301 171 оқушы барды. Мемлекеттік мектептерде 280 458 бала мен жасөспірім оқып жатыр, ал жекеменшік мектептердегі оқушы саны – 20 713.

Мемлекеттік мектептерде бірінші сынып оқушы саны 3 мыңға жуық өсті. 1-сыныптарда 30 751 оқушы білім алып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы