Алматыда медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған жиын өтіп жатыр

22 Қараша 2019, 12:49
5166
Бөлісу:
Алматыда медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға арналған жиын өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматы,  BAQ.KZ  тілшісі.  Алматыда денсаулық сақтау мәселелерін жариялаудағы журналистердің кәсіптік деңгейін арттыруға арналған дөңгелек үстел өтіп жатыр.

"ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университеті" ұйымдастырып отырған аталған жиынға журналистер, сот жүйесі және медицина қоғамының  өкілдері қатысып жатыр. 

Дөңгелек үстел барысында медициналық қателіктер және медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мәселелері, Медициналық қызметкерлердің құқықтық санасының деңгейін жоғарылату: мәжбүрлі қадам немесе объективті қажеттілік пе, медициналық қызметкерлердің БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы: журналистерге қосымша машықтар қажет пе? Денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді жариялауда журналистердің кәсіптік деңгейін арттыруды жетілдіру мәселелері талқылануда. 

Медицина мамандарының айтуынша, медициналық көмектің сапасыздығы және өзге де теріс пікірлердің арасында отандық денсаулық сақтау саласының жетістіктері көрінбей қалып жатыр.  Нәтижесінде, медицина қызметкерлері БАҚ өкілдерімен сұхбаттасудан бас тартып,  көбіне пікір  білдіріп ақпарат айтудан аулақ жүретін көрінеді. 

"ҚДСЖМ" Қазақстандық медициналық университетінің" ректоры Ардақ Әуезова соңғы кезде қоғам арасында медицина қызметкерлерін айыптау мен олар жайлы теріс пікірлер көп тарап жатқанын айтады.

Қоғамда дәрігердің тек міндеті бар, ал науқастың құқығы бар деген түсінік қалыптасты. Осы тұрғыда бүгін БАҚ, заңгерлер және медицина қызметкерлерінің басын қосып отырмыз. Мақсатымыз  медициналық қызметкерлердің жұмысын жандандыру, түрлі түйіткілдердің шешімін табу және құқықтық жағынан қорғау. Ол үшін журналистер алдымен медицина саласындағы ережелермен, оның жұмыс барысымен жақын таныс болу керек. Ал заңгерлер медициналық құқықтың негіздерін жетік білу керек. Сондай-ақ, келеңсіз жағдайларда медицина қызметкерлері не істеу керек, олардың қандай құқығы бар міне осы мәселелер бойынша бүгін ақпарат беріліп жатыр, - дейді ол.  
Сонымен қатар, ол мұндай шаралар түрлі келеңсіз жағдай болғанда журналистер мен заңгерлердің сауатты әрі құқықтық тұрғыда ақпарат таратуына септігін тигізеді деген ойын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы