Бас жаңалықтар
Алматыда маска тақпаған 122 адамға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
20 Қыркүйек 2021, 18:50 389

Алматыда маска тақпаған 122 адамға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Өткен аптада Алматыда карантиндік шектеулерді бұзған 40 нысан анықталды. 

Мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар күндіз және түнде жұмыс уақыты мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзатын үйлену тойлары мен мейрамдарды өткізуге болатын кафелер, мейрамханалар мен жалға алынған коттедждерді тексереді. 

Мониторинг топ өкілдері 13-19 қыркүйек аралығында 166 тексеру жүргізілгенін, 19 заңды тұлғаға 6 373 645 теңгеге 141 хаттама жасалғанын және маска режимін бұзғаны үшін 122 адамға 5 425 620 теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. 

Демалыс күндері қалада тексеру күшейтілді, кәсіпкерлік объектілері бойынша 26 заң бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылар тізімінде: Райымбек даңғылындағы Street Bar, «Айнұр» кафесі, «Гранд Опера» кешені, T-Bar лаундж-бары, «Мята на Сейфуллина» лаундж бары және Night Star кафесі.

Жыл басынан бері Алматыда 39 972 нысан тексеріліп, 3 814-те заң бұзушылықтар анықталды. Жалпы сомасы 461 миллион теңгеден асатын 5 988 хаттама жасалды.

Сарапшылар Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қала беретінін атап өтеді.

Санитарлық дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері мегаполис тұрғындарын халық көп жиналатын мерекелік шаралардан бас тартуға шақырады. Барлық ұсыныстарға жауапкершілікпен қарау қауіпті инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі.

Аурудың жаңа өршуіне жол бермеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау, коронавирусқа қарсы вакцинацияны салдыру, бетперде тағу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, қолды жиі жуу қажет.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...