Алматыда Марат Оспановты еске алу кеші өтті

8 Қараша 2019, 16:45
4447
Бөлісу:
Алматыда Марат Оспановты еске алу кеші өтті

Алматы, BAQ.KZ. Абай атындағы опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Марат Оспановтың 70 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Марат Тұрдыбекұлы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің тұңғыш төрағасы болды. Ол "Тұрақтылықтан өсуге" атты экономикалық бағдарламаны жазды, алғашқы Салық кодексін, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны әзірлеуге қатысты.

Кеш "Марат Оспановтың өмірінің кодексі" құжатты фильмін көрсетумен басталды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөз сөйледі, Марат Тұрдыбекұлының айрықша саяси көрегендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне алғашқы төрағалық еткен кезінде Марат Тұрдыбекұлы терең білімін көрсетті. Сол бір ауыр кезде еліміздің сәулетті болашағы үшін жаңа заңдар қабылдау өте маңызды еді. Марат Тұрдыбекұлы өміршең заңдардың қабылдануына тікелей жауап берді және оларды дер кезінде жүзеге асыра білді, - деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
пар1.jpg


 Абай атындағы опера және балет театрының сахнасында №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының халық аспаптары оркестрі Серік Нұртазиннің дирижерлік етуімен "Өрлеу" күйін орындады. №4 соқырлар мен нашар көретін балалар мектеп-интернатының түлегі Ерхат Тәжібаев "Дударай" әнін орындады. І have nothing (Whitney Houston) әнін "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпаздары Дінмұхамед Дәулетов және Алена Когай айтты, Абай атындағы опера және балет театрынының артистері және басқалар өнер көрсетті.




Өзгелердің жаңалығы