Алматыда Маралтай ақынның кеші өтті

26 Ақпан 2019, 20:43
2125
Бөлісу:
Алматыда Маралтай ақынның кеші өтті

Астана, BAQ.KZ. Қазақтың көрнекті ақыны Маралтай Райымбекұлының 50 жасқа толу мерейтойына арналған "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кеші өтті

Алматы қаласындағы республика сарайында ҚР Президенті сыйлығының, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Маралтай Райымбекұлының 50 жылдық мерейтойына орай "Мәңгілік ел - шежіресі даламның" атты әдеби-музыкалық кеші болды.

Белгілі өнер шеберлері мен эстрада жұлдыздары Маралтай ақынның өлеңіне өрілген әндерді орындады.

Шараны Қазақ-Америка университеті ұйымдастырды.

Өзгелердің жаңалығы