Алматыда МӘМС аясында қанша КТ тегін жасалғаны айтылды

11 Тамыз 2021, 12:16
2812
Бөлісу:
Алматыда МӘМС аясында қанша КТ тегін жасалғаны айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев биылғы жарты жылда қор консультативтік диагностикалық қызметтерге 8,9 млрд теңге төлегенін мәлімдеді. 

Консультативтік диагностикалық қызмет ішінде КТ, МРТ-ға деген сұраныс бұрынғысынша жоғары. Атап айтқанда 6 айда Алматыда 38 468 КТ жасалған, оған 386 млн теңге төленді. Тағы 400 млн теңгеге 29 789 МРТ жасалған. Сонымен қатар қала бойынша онкологиялық ісіктерді анықтауға арналған 3 040 диагностика қызметі көрсетіліп, оған 767 млн теңге төленді. МӘМС жүйесі шеңберінде жүргізілетін жоспарлы скринигтерге қаңтар-сәуір аралығында 508,3 млн теңге жұмсалды, - деді ол. 

Сонымен қатар ол биыл оңалту қызметіне 7,7 млрд теңге бөлінгенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп екенін айтты. 

Салыстыру үшін, қор директоры 2019 жылы оңалту шараларына тек 0,6 миллиард теңге жұмсалғанын еске салды.

Оның айтуынша, бүгінде 62 емхана оңалту қызметін көрсетеді, бұрын тек төртеуі ғана болған. Жыл басынан бері алматылықтарды оңалту көмегіне 3,8 млрд бөлінген, - деді Әбілдаев.
Бұған дейін Тілеухан Әбілдаев Алматыда жыл басынан бері 1 173 ЭКО процедурасы жасалғанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы