Алматыда «Ұлы дала елі» халықаралық этно-фестивалі өтіп жатыр

18 Қазан 2019, 19:18
2172
Бөлісу:
Алматыда «Ұлы дала елі» халықаралық этно-фестивалі өтіп жатыр
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда "Алатау" дәстүрлі өнер театрында жыршылардың халықаралық этно-фестивалі өтіп жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан бұл фестиваль дәстүрлі өнерді сақтау мен дамытуға, шығармашылық адамдарды жақындастырып, ежелгі жыршы мен термеші өнерді дәріптеуге ықпал етеді.

"Осымен жетінші рет өткізіліп отырған фестивалдің мақсаты- ғасырлар бойы сақталып жеткен жыраулық, жыршылық өнерін кеңінен насихаттау. Өзінің тарихи сахнасына қайтар оралту. Елбасы да өзінің “Рухани жаңғыру"; бағдарламасында дәл осы мәселені нақты басып айтады. Яғни,  тарихи ұлттық санамызды қайта жаңғырту, жыраулық өнерді дамыту”, - дейді жыршы, Ұлжан Байбосынова.

Сонымен қатар, ол бүгінгі кеште “Қырымның қырық батыры", “Көріғұлы”, “Алпамыс батыр”  сынды жырлар жырланатынын жеткізді.

“Бұл этно-фестиваль болғандықтан түркі елдерінен, оның ішінде Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Башқұртстаннан және Ираннан жыраулар келіп отыр. Қырғызстаннан келген жыршы өзінің шәкіртімен бірге “Манас" жырын жырлайды. Жалпы жыршылық өнер бұл елдерде де жақсы дамыған”, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы