Алматыда қылмыс азайды – Таймерденов

15 Қазан 2021, 13:14
4612
Бөлісу:
Алматыда қылмыс азайды – Таймерденов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов онлайн форматтағы брифингте шаһардағы қылмыстық ахуал туралы айтып берді.

Оның айтуынша, қаладағы жағдай тұрақты және бақылауда. Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша қаладағы қылмыс деңгейі 5,4%-ға төмендеген.

Бұл ретте, жалпы қылмыстың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 2,9%-ға, ал, ауыр және аса ауыр 1,3%-ға жақсарды. Көшеде жасалған құқық бұзушылық саны - 3,9 есеге және қоғамдық орындарда - 3,2 есеге азайды,-деді ол.

Сонымен қатар ол жарақат алған адамдардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының 2,8%-ға өскенін атап өтті.

Бұл жағдайға өткен жылы толық локдаунның енгізілуі, бақылау-посттарының орнатылуы әсер етті. Мысалы, қалада күн сайын 750 мыңға жуық көлік бірлігі жүрсе, локдаун кезінде бұл көрсеткіш 5 есеге қысқарды. Өсімге қарамастан, біз жол-көлік оқиғаларындағы өлім-жітімді 7,9%-ға төмендете алдық, - деді Қанат Таймерденов.

Өзгелердің жаңалығы