Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қаза болды

9 Қараша 2021, 22:25
1016
Бөлісу:
Алматыда құрылысшы биіктіктен құлап, қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшы биіктіктен құлап, мерт болды.

Оқиға Самал-3 ықшам ауданындағы құрылыс алаңында болған.

25 жастағы құрылысшы қауіпсіздік белбеуінсіз жұмыс істеп жүрген.

Жас жігіт дәрігерлер бригадасы келгенше көз жұмды.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі, - деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы