Бас жаңалықтар
Алматыда Крылов атындағы кітапхана жөндеуден кейін қайта ашылды
PHOTO
25 Ақпан 2021, 15:03 324

Алматыда Крылов атындағы кітапхана жөндеуден кейін қайта ашылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда орталықтандырылған кітапханалар жүйесін ауқымды жаңғырту мақсатында жүргізілген жөндеуден кейін Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы пайдалануға берілді.

Жаңғыртудан кейін  аталған кітапхана заманауи келбетке ие болып, оқырмандар үшін көптеген ыңғайлы аймақтар, түрлі үйірмелер мен презентациялар өткізуге арналған бөлмелер пайда болды. Интерьер ғана емес, жұмыс кестесі де өзгерген. Енді кітапхана оқырмандары үшін демалыссыз 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

кут10.jpeg


85 жылдық тарихы бар кітапхананың меңгерушісі Дарухан Қаржаубаева жаз айында жөндеуге жабылған кітапхана оқырмандар үшін ыңғайлы етіп қайта  жасалғанын айтады.

кут1.jpeg


Кітапхананың іші түгелдей жөндеуден өтіп, жаңа талапқа сай қайта құрылды. Жаңа жиһаз, техникамен қамтылып, оқырмандарға ыңғайлы етіп жасалды. Адамдар кітап оқып қана қоймай мұнда интернетті де пайдалана алады. Түрлі үйірмелер ашылды. Бұрыннан ағылшын тілі, домбыра, қол өнер шеберлігі сияқты орталылықтар жұмыс істейтін. Қазір оған Жас журналист клубы қосылды.  Жақында логикалық математика үйірмесін ашпақпыз. Үйірмеге баласын әкелген ата-ана оқу залында мерзімді басылымдарды оқып, жаңалықтармен таныса алады. Үйірмелердің барлығы тегін,-дейді ол.

кут2.jpeg

Модернизациядан өткен кітапхананың кітап қоры да жаңарыпты.

кут8.jpeg

Жағдайымызға қарай балалардың сұранысындағы кітаптарды көбейтіп жатырмыз. Кітапхана қорында 242 мың кітап бар, оның 45 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар,-дейді кітапхана меңгерушісі.

кут3.jpeg

Қызмет көрсетудің жаңа моделі түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге, сондай-ақ келушілер санын жылына 250 000 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік бермек. Осы мақсатта, Қазақ халқы мен Қазақстан халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған "Алтын шаңырақ" орталығы өз жұмысын жалғастырады. 

кут4.jpeg

Бүгінгі таңда қаладағы 16 кітапхана жаңа форматта жұмыс істейді. 2021 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қалған кітапханаларын жаңғырту жоспарлануда.

кут7.jpeg

кут5.jpeg

кут9.jpeg

кут6.jpeg


Фото: автордан
Загрузка...