Алматыда қойма өртке оранды

4 Тамыз 2021, 10:24
4168
Бөлісу:
Алматыда қойма өртке оранды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алатау ауданында металдан жасалған қойма өртеніп жатыр.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, өртке оранған ангар Немирович-Данченко 21 мекенжайында орналасқан.

4 тамыз күні сағат 09:39-да өрт сөндірушілер Алатау ауданындағы өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша шықты. Келген уақытта ангар типті қоймалардың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Оқиға орнында штаб құрылып, шығыс және оңтүстік жағынан екі өрт сөндіру учаскесі құрылды, - дейді ТЖД-нің ресми Гүлдана Нұрымбетова.
Өртті сөндіруге 16 бірлік техника, 40-тан астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. 

Сондай-ақ қойма металдан жасалғандықтан, өрттің температурасы өте жоғары екені айтылды.

Өзгелердің жаңалығы