Алматыда коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді

7 Қыркүйек 2021, 12:05
10165
Бөлісу:
Алматыда коронавирустың таралуы бәсеңдеп келеді

Алматы, BAQ.KZ. Тамыз айында күніне 1600-ге жуық адамнан вирус анықталатын. Қазір вирустың таралуы қалада аздап бәсеңдеді. 

Өткен тәулікте 957 адамнан вирус анықталған, оның 912 симптомдық белгілері бар және 45 симптомсыз.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 6 қыркүйекте 777 науқас ауруханадан емделіп шыққан, ал келіп түскендер саны 325.

Инфекциялық стационарларда (8 910 төсек-орын) жалпы саны 3 940 адам бар, оның 113-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 362 науқас ем алып жатыр. ӨЖЖ – 58, инвазивті емес ӨЖЖ – 149, High flow-да 170 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабараламада

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 108 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 7 863, симптомсыз 245 науқас бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавиурсқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 4 679 адам, 2-компонентін 6 046 адам салдырған.

Өзгелердің жаңалығы