Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалған

21 Мамыр 2021, 05:40
2374
Бөлісу:
Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 71,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша індетке қарсы күрес шараларына 14,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлады «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 14,9 млрд теңгенің: - 7,8 млрд теңгесі – медицина қызметкерлеріне үстемақыға; - 5,5 млрд теңгесі – КВИ бойынша көрсетілген медициналық көмекке және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларға (карантиндік және инфекциялық стационарларда ем қабылдау – 25 мың жағдай); – 1,3 млрд теңгесі – ПЦР-диагностикаға (168 мың ПЦР тест жасалды); - 253,1 млрд теңгесі – мобильді бригадалар қызметіне (мобильді бригадалар 44,1 мың қызмет көрсеткен); - 7,4 млн теңгесі – үйдегі стационар қызметіне (1390 пациентке қызмет көрсетілген) жұмсалды, – деп жазылған хабарламада.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, бөлінген бюджеттің негізгі бөлігі коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы ретінде бөлінген.

Жалпы алғанда, қаңтар айында 4987 медқызметкерге 1,8 млрд теңге, ақпан айында 5365 маманға 1,9 млрд теңге қосымша ақы төленді. Наурыз айында 7202 қызметкер 2,7 млрд теңге үстемақы алған.

Өзгелердің жаңалығы