Алматыда коронавирус жұқтырған жүзге жуық бала емделіп жатыр

24 Қыркүйек 2021, 11:20
13204
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған жүзге жуық бала емделіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың жұқпалы аурулар ауруханасында 2 219 адам ем алып жатыр, оның 98-і бала. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Өткен тәулікте Алматыда 547 адамның вирус жұқтырғаны анықталған, оның 506-да симптомдық белгілері бар және 41 симптомсыз. Сондай-ақ 229 науқас емделіп шығарылған, ал, келіп түскендер саны – 210.

Инфекциялық стационарларда 219 адам ем алып жатыр, оның 98-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 223 науқас бар. ӨЖЖ – 49, инвазивті емес ӨЖЖ – 91, High flow-да 65 аппарат жұмыс істейді,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 047 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 4 898, симптомсыз 149.

Сондай-ақ 23 қыркүйекте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 2 287 адам, 2-компонентін 3 398 адам салдырған.

Өзгелердің жаңалығы