Бас жаңалықтар
Алматыда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны айтылды
08 Қазан 2020, 17:57 249

Алматыда қанша оқушы коронавирус жұқтырғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде 8 бала есепке тіркелді. Бұл туралы қашықтан оқыту мәселелері бойынша Алматы қаласы Білім басқармасының басшысының орынбасары Қайрат Жұманов мәлімдеді.

Оқу жылының басталғанына бір айдан аса уақыт өтті. Оқу процесі бір қалыпты жүруде. Қалада 271 мыңнан астам оқушыны қамтитын 207 мемлекеттік мектеп және 16 мыңнан астам оқушыны қамтитын 66 жеке меншік мектеп бар, - деді Қайрат Жұманов.

Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының 96% қашықтықтан оқуда. Сонымен қатар, қаланың 133 (64%) мектебінде 11 840 баланы қамтыған 923 кезекші сынып ұйымдастырылды.

Кезекші сыныптар санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, сыйымдылығы 15 адамнан аспайды. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті күнделікті мектеп оқушыларының COVID-19-бен ауырғаны туралы талдау жүргізіп отыр. Бүгінде 8 бала есепке тіркелді, олардың барлығы қашықтан оқитын балалар, - деді басқарма басшысының орынбасары брифингте.

Қайрат Жұманов мектептердегі оқу процесін ұйымдастыруда мектеп алдында тұрған басты міндет - балалардың өмірі мен денсаулығының толық қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...