Алматыда коронавирус инфекцияның 36 ошағы бар

5 Сәуір 2020, 23:34
1915
Бөлісу:
Алматыда коронавирус инфекцияның 36 ошағы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  5 сәуірдегі 22:00 уақыт бойынша Алматы қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның 36 ошағы бар, деп хабарлайды қала әкімдігі. 

Алмалы ауданында Байзаков көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85; Байзаков көшесі 232; Досмұхамедов, 8 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ бар. 

Әуезов ауданында 8 ошақ тіркелген. Олар - Жетісу-2 ықшам ауданы, 70а; Мамыр-4 ы.а., 313; 6 ықшам аудан, 35; 1 ықшам ауданы, 28; Мамыр-4 ы.а., 54; Ақсай-1 ы.а., 24; Мамыр-4 ы.а., 296; Афцинао, 4.

Алатау ауданында Ақкент ықшам ауданы, 7; Ақбұлақ ы.а., 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек Батыр, 121; Рахымова көшесі, 123; Жанқожа батыр, 190 мекен-жайлары бойынша 6 ошақ тіркелген.

Бостандық ауданындағы инфекцияның 7 ошағы - Навои көшесі, 328;Клочкова көшесі, 117; Навои көшесі, 310; Орбита-1 ы.а., 27; Орбита-4 ы.а., 33; Байзаков көшесі, 299а; Тимирязев, 42 мекен-жайларында орналасқан. 

Медеу ауданында инфекцияның 4 ошағы — Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ықшам ауданы, 25; Достық даңғылы, 116; Достық даңғылы, 493 мекен-жайларында тіркелген.

Жетісу ауданында Волочаевская көшесі, 51; Помяловского, 25; Құлагер ықшам ауданы, 45; Борзова көшесі, 85 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ бар.

Түрксіб ауданында 2 инфекция ошағы тіркелген. Олар - Жұлдыз ықшам ауданы, 45; Жұлдыз-1 ы.а., 13.

Наурызбай ауданында Береке көшесі 1/97 мекен-жайы бойынша 1 ошақ бар. 

Бұған дейін, ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен жайлардағы 14 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:
•    Алатау ауданы — Заря Востока ы.а., Сары-ой көшесі, 234;
•    Алмалы ауданы — Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;
•    Бостандық ауданы — Тұргыт Озал к., 242;
•    Медеу ауданы – Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық көшесі, 111;
•    Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
•    Түрксіб ауданы – Алтай-1 ықшам ауданы, 8; Жас қанат, 86; Майлин к., 77; Спасск көшесі, 63а.
Өзгелердің жаңалығы