Алматыда коронавирус анықталған мекенжайдың бәрі бақылауға алынды

20 Наурыз 2020, 19:48
1248
Бөлісу:
Алматыда коронавирус анықталған мекенжайдың бәрі бақылауға алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда коронавирустың таралуына жол бермесе үшін COVID-2019 ошақтарында азаматтардың қозғалысына шектеу қойылды. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, коронавирус анықталған 10 ошақтың екеуі жер үй, қалған 8-і көппәтерлі үй.
Коронавирус анықталған ошақтардың нақты мекенжайы:
- Алтай ықшауданы -1, 8;
- Жасқанат ықшамауданы, 86;
- Еңлікгүл көшесі 34А;
- Зенкова, 59;
- Достык, 162;
- Гоголь, 75;
- Сары-ой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1.
Қазіргі күні қалада 22 жағдай зертханалық тексеріс бойынша расталған. Барлық науқастар жұқпалы аурулар емханасына жатқызылған, ал олармен байланыста болғандар медицина қызметкерлерініңбақылауында.
Өзгелердің жаңалығы