Алматыда "Kazakhstan Urban Conference 2019" конференциясы өтеді

11 Желтоқсан 2019, 14:17
3448
Бөлісу:
Алматыда "Kazakhstan Urban Conference 2019" конференциясы өтеді
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Алматы қаласы әкімдігінің алаңында аталған шараға орай брифинг өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ертең өтетін конференцияда "Алматы-2050" стратегиясы және қаланы дамыту мәселесі талқыланбақ.
"Kazakhstan Urban Conference 2019" шарасы қаланың урбанизациясына арналған. Урбанизация елдің дамуындағы басты драйвер немесе үлкен проблеманың бастауы болуы да мүмкін. Қазір экономиканың алға жылжуында урбанизация үлкен маңызға ие. Еліміздегі халықтың 40% ауылды жерде тұрады, уақыт өте келе олар да қалаға ағылатын болады. Өйткені өмір сапасы ірі қалаларда айтарықтай жоғары. Қала маңындағы елдімекендердің қалаға қосылуы, аглемерацияны дамыту үлкен мәселе. Осы тұрғыда ертең "Kazakhstan Urban Conference 2019" конференциясы өтеді. Онда экология, қауіпсіздік, қала көлігінің тиімділігін жақсарту, 2050 жылы Алматының келбеті қалай өзгереді, деген мәселер қаралады, - дейді Kazakhstan Growth Forum төрағасы Елдар Әбдіразақов.
Оның айтуынша, Алматы еліміздің бетке ұстар қаласы әрі халықтың тұруына ыңғайлы болу керек.
Қаланың әр ауданында халыққа қызмет көрсететін орындар болу керек, адамдар қаланың бір шетінен екінші шетіне ағылып жүрмеу қажет. Сарапшылар Алматының басты үш проблемасын атап отыр. Ол экология, көлік кептелісі және қауіпсіздік мәселесі. Осы бағытта қазір жұмыстар жасалып жатыр. Сондай-ақ, қалаға ағылатын мигранттар саны да өсе береді. Өйткені оңтүстік аймақтағы Жамбыл, Алматы облыстарында еңбекақы мөлшері төмен, ондағы халық Алматыға көшуін тоқтатпайды, - деді ол.
Сөз арасында ол қала урбанизацияға дайын болу керек екенін әрі өңірлік хаб ретінде өзін көрсете білу қажеттігін айтты.
Көрші Өзбекстан осы тұрғыда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуде. Ташкент, Самарханд, Баку, Тбилиси сияқты қалалар дамудың жақсы жолына түсіп, көпшілік баратын орынға айналды. Алматыда қауіпсіз әрі көптеген туристерді қабылдай білетін өңірлік хабқа айналу керек, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол халық жайлы өмір сүру үшін қалаға үздік жоғары технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті.

 
Өзгелердің жаңалығы