Алматыда қаржы пирамидасымен елді алдаған ерлі-зайыпты ұсталды

13 Наурыз 2021, 02:28
1872
Бөлісу:
Алматыда қаржы пирамидасымен елді алдаған ерлі-зайыпты ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық ерлі-зайыпты адамдар қаржылық пирамида ұйымдастырған, деп хабарлайды aikyn.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, олар ақша тарту үшін WhatsAp желісінде 218 адамнан тұратын топ құрған.

Ақша 46 жастағы азаматтың картасына жіберіліп отырған. Тез байығысы келетін адамдар әлеуметтік желілерден табыла кеткен.

Түсетін пайда өте қомақты болуы керек еді. Капиталды ұлғайту схемасы алдын ала жасалып, сынақтан өтті. Бастапқы инвестиция 100 000 теңгеден кем емес, ал бірнеше күн ішінде бұл соманы салымшы 300 000 теңге көлемінде қайтарып алады делінді. Егер ақшаны алмай тұра тұрса, онда пайда көлемі одан сайын ұлғая түседі. Бірақ қаражат аударылғаннан кейін оны ұйымдастырушылар байланысты үзіп, үстемақы да, өз ақшасы да қайтарылмаған, – деп хабарлады департамент.

Өзгелердің жаңалығы