Алматыда қарт әйелді тонаған 20 жастағы жігіт ұсталды

29 Қараша 2021, 19:07
1085
Бөлісу:
Алматыда қарт әйелді тонаған 20 жастағы жігіт ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 20 жастағы жігіт қарт әйелді тонап кетті. Бұл туралы Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға таңертең Марков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған. О. есімді азамат өтіп бара жатқан адамның жеке мүлкін күш қолданып, ұрлап кеткен.

Мас жігітте қылмыстық жоспар бірден пайда болды. Оның әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, жәбірленушінің жанына жүгіріп келіп, иығына соққы жасаған. Әйел құлаған кезде оны әрі қарай ұрып-соғып, одан кейін қолынан ақшасы мен ұялы телефоны салынған сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен, – дейді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Жәбірленуші бірден полицияға жүгінген. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті сол күні қамауға алынған.
Ол ұрлық жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жалпы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша тергелуде, – дейді Қасымбаев.

Өзгелердің жаңалығы