Алматыда карантиндік шектеулер қайта енгізіледі

12 Қаңтар 2022, 11:01
1188
Бөлісу:
Алматыда карантиндік шектеулер қайта енгізіледі
Фото: Tengrinews.kz

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бас мемлкеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Садуақас Байғабылов шаһар «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты жақын күндері карантин шаралары қайта күшейтілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Жаңа жылдың басынан бері вирустың тәуліктік таралуы ұлғая түскен. Әсіресе азаматтар арасында коронавирустың «омикрон» нұсқасы кеңінен тарап, қала бүгін «қызыл» аймаққа қайта өткен.

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес Алматыда 5 күн ішінде шектеу шаралары қабылдану қажет, алайда ол ертерек іске асуы да мүмкін. Әрине, бұл соңғы күндердегі жағдайдан титықтап қалған қала азамататры мен кәсіпкерлері үшін қосымша жүктеме болатыны белгілі. Алайда, коронавирус ешқайда кеткен жоқ, ол вакцина алмаған адамдарды әлі де зақымдауда,-дейді Байғабылов.

Сондай-ақ ол қалада енгізілгелі отырған карантин шаралары туралы анығырақ кейін мәлімдейтінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы