Алматыда карантин талаптарын бұзған 74 нысан жабылды

6 Маусым 2020, 18:52
1244
Бөлісу:
Алматыда карантин талаптарын бұзған 74 нысан жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантин режимін сақтамағаны үшін 74 нысанның қызметі тоқтатылды,  деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат бойынша танымал гастробарлардың бірі сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеген. Сонымен қатар келушілер кальян шегіп отырған, карантин кезінде ондайға тыйым салынады.
ӘҚБтК 441-бабы "Жекелеген қоғамдық орындарда темекі өнімдерін және электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу" бойынша хаттама толтырылды. Бұл кафе жабылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ бірқатар азық-түлік дүкенінде, дәмхана, донер сататын орында, асханаларда және тағы басқа жерлерде тәртіп бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда, маска тақпау, қызметкерлерде қолғап, санитайзер, тері антисептиктері, дезинфекциялық құралдардың және термометрия жүргізу журналының болмауы, сондай-ақ, азық-түлікті дұрыс сақтамау сынды тәртіп бұзушылықтар болды, – деп нақтылады баспасөз қызметі.
Мониторинг тобы жұмыс басталғаннан бері қала бойынша барлығы 2 353 нысанды тексерді, оның ішінде 136 нысан Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында көрсетілген талаптарды бұзған.

Осыған байланысты 74 орынның қызметі тоқтатылды (оның 56-ы объект басшылығының шешімі бойынша) және анықталған өрескел тәртіп бұзушылықтары бар нысандарға 77 хаттама толтырылды.


Өзгелердің жаңалығы