Алматыда карантин талабын бұзғандарға 170 млн теңгеден астам айыппұл салынған

4 Сәуір 2021, 07:42
3497
Бөлісу:
Алматыда карантин талабын бұзғандарға 170 млн теңгеден астам айыппұл салынған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 40 мониторинг топ күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олардың құрамына әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының мамандары бар, деп жазды aikyn.kz.

Медеу ауданының мониторинг тобы сәуірдің 2-сінен 3-іне қараған түні Назарбаев даңғылында орналасқан «Bakard», Зенков көшесіндегі «Persona» түнгі клубтарынан және Қармысов көшесіндегі «Тархун» кафесінен келушілерді шығарды.

Алмалы ауданында «Гоголь» түнгі клубы мен «Лолита» мейрамханасы карантин талаптарын бұзған. Екі мекемеде 150-ге жуық адам болған.

Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілікбұзушылық және айыппұл салу туралы хаттама толтырылды. Жыл басынан бері қалада карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн. теңгеден асатын айыппұл салынды.

Өзгелердің жаңалығы