Бас жаңалықтар
Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме жұмысын тоқтатты
14 Наурыз 2021, 13:38 274

Алматыда карантин талабын бұзған 40 мекеме жұмысын тоқтатты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі комиссия жанындағы мониторингтік топтардың үйлестірушісі Рауан Есіркенов Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мониторингтік топтың жұмысы туралы баяндап берді.

Оның сөзінше, Алматы қаласы әкімінің қаулысымен қалада мобильді мониторингтік топ құрылған. Қала бойынша әр ауданда 4 топтан барлығы 32 топ жұмыс істейді. Мониторингтік топтың басшылары – аудан әкімдері.

Мониторингтік топтың белгіленген алгоритмі бойынша бас санитарлық дәрігердің соңғы қаулысына сәйкес жұмыс жоспарларын жасайды.

Әр аудандағы топтың өздерінің құрған жоспарлары бар. Алгоритмге сәйкес жұмыс уақытын, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска режимінің сақталуын тексереді. 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін 4 188 рейд, 22 400 нысан, соның ішінде 4 994 нысан карантин режимін бұзған. Осыған байланысты 566 хаттама толтырылып, 191 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, - деді Рауан Есіркенов.

Сонымен қатар, былтырдан бүгінге дейін 40 мекеме жұмысын тоқтатты.

Өздеріңізге мәлім, Алматы қаласы қазір «қызыл аймаққа» кірді. Осы ретте барлық мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмысын бастады. Медеу, Алмалы, Әуезов, Бостандық аудандарында ең көп көңіл көтеру нысандары орналасқан, - деп айтты ол.

Сонымен қоса, жыл басынан бері сотқа 58 материал берілді, оның ішінде 23 материал бойынша шешімдер қабылданды, 462-бап 3-б. (462-бап 3-б. мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау), 425-бап 1-Б. (425-бап 1-б. ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу).




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...