Бас жаңалықтар
Алматыда карантин шаралары қайта күшейтіледі
10 Наурыз 2021, 13:06 1173

Алматыда карантин шаралары қайта күшейтіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн-брифинг барысында қалада карантин шаралары қайта күшейтілетінін мәлімдеді.

Бүгін, 10 наурыз күні Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашарлап, қала қызыл аймаққа кірді. Енді қалада карантин шаралары қайта қатаңдатылмақ.

Қалада шектеу шараларын күшейтуді көздейтін және коронавирустың таралуына қарсы іс-шаралар жасауға бағытталған бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жаңа қаулысына қол қойылады. Қаулы әзірленді, қазір оны бизнес өкілдерімен талқылап жатырмыз. Күн соңына дейін Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шығып қалады,-деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, жағдайдың қайта ұшығуына өткен мерке күндер әсер еткен. Оған қоса карантинге жатқызылған науқастар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтай бермейтін көрінеді.

Кез-келген мерекелер қарым-қатынас пен байланыстардың артуын білдіреді, осыған байланысты соңғы мерекелер де жағдайдың нашарлауына ықпал етті. Жылы ауа-райында әлеуметтік байланыстар артып, жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі де артады. Көшедегі байланыс кезінде тығыз және ұзақ қарым-қатынас кезінде және де  әдеттегідей, жастар бір-бірімен кездескенде қол беріп, бет сүйіп амандасу кезінде жұқтыруы мүмкін. Сондықтан маска тағу режимін қатаң сақтауды талап етеміз,-деді ол.

Сонымен қатар ол сәуір және мамыр айында жаппай вакцина салу басталатынын айтты.

Тұрғындарды вакцина салдырудан бастартпауға шақыармын. Оның барлығы халық арасында коронавирус инфекциясын жұқтыруды төмендетуге ықпал етеді,-деді Қалықова.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...