Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

3 Маусым 2020, 16:23
2612
Бөлісу:
Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қалада вирус жұқтырып жатқандар бар, осыған байланысты карантиндік шаралар әлі де жалғасады және күшейтіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам тіркелген. Вирус жұқтырғандар қаланың барлық ауданында анықталған.
 
Алматы қаласы бойынша вирусты сырттан әкелгендердің үлес салмағы 3,7% құрайды. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус анықталды, ол 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендердер үлесі 3,3%, байланыста болғандар – 1842 жағдай, бұл 68,8%. Науқастардың 1647 немесе 60% жазылып шықты, - деді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, ол қалада вирус жағдайын жұқтыру жалғасып жатқандықтан карантин шаралары сақталатынын атап өтті.
Мысалы, ашық бассейндер, жағажайлар, саябақтар мен скверлер, ойын-сауық аттракциондары іске қосылмайды. Қала сыртындағы және мектеп жанындағы сауықтыру нысандары, шипажайлар ашылмайды. Мәдениет нысандары, ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатр, фуд-кордтар, балалар ойнайтын алаңдар әзірге ашылмайды, - деді ол. 

Сонымен қатар, ол карантин талаптарын жиі бұзатын сауда орындары қайтадан жабылуы мүмкін екенін жеткізді. Қазір мониторинг тобы қаладағы мекемелердің жұмысын бақылап, олардағы санитарлық-эпидемиялық нормалардың сақталуын тексеріп жүр.



Өзгелердің жаңалығы