Бас жаңалықтар
Алматыда карантин күшейтілді
28 Қаңтар 2021, 10:38 279

Алматыда карантин күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құжатта сауда ойын-сауық орталығы мен дәмхана, мейрамхана мен базарлардың жұмысына шектеулер енгізу жайы қамтылған. 

Жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеледі. Ал демалыс күндері олардың жұмысына мүлде тыйым салынды. Сенбі, жексенбі күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. 

Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне 9:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат. Толымдылық деңгейі 50% аспайды, әр үстелге 4 орыннан рұқсат беріледі. Әлеуметтік арақашықтықты, маска режимін, термометрияны сақтау қажет. 

Сондай-ақ, жаңа қаулыда сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан тамақтандыру орындары мен фудкордтардың жұмысын шектеу жайы қарастырылған. Олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін алдын ала жазылу арқылы тек дайын тамақты үйіне жеткізу бойынша қызмет ете алады.



Фото: дереккөз
Загрузка...