Алматыда көпбалалы отбасыларға тігін машинасы берілді

23 Шілде 2019, 14:33
1779
Бөлісу:
Алматыда көпбалалы отбасыларға тігін машинасы берілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға 35 тігін техникасы берілді. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы хабаралды.


«Енді олар киім пішу мен тігу бойынша жартыжылдық курстан өтеді. Аталған әлеуметтік жоба жыл сайын өтетін «Global one volunteer festival 2019» фестивалі аясында ұйымдастырылды. Ол Алматы әкімдігінің, «Шинхан Банк Қазақстан» АҚ, «Даму қоры» және «Шаңырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының қолдауымен өтті»,-делінген хабарламада. 

Фестиваль аясында сондай-ақ «Жүйкеневрологиялық ауыруымен ауыратын мүгедек балаларды күндіз қабылдау орталығы» тәрбиеленушілеріне де жаңа тігін машинкалары берілді. Мұнда осымен үшініші жыл мүгедек балаларды тігінге үйрету курстары жүргізілуде. Осылайша оларға мамандықты игеріп шығу мүмкіндігі туып отыр.
Өзгелердің жаңалығы