Алматыда көпқабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылды

16 Мамыр 2020, 11:10
1427
Бөлісу:
Алматыда көпқабатты үй өртеніп, төрт адам құтқарылды

Алматы, BAQ.KZ. Түнде 17 қабатты "ГауҺартас" тұрғын үй кешенінің 11-қабатында пәтер өртенді. Дер кезінде келген өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарып қалды.

ТЖД-нің мәліметінше,  15 мамыр түнгі сағат 23:44 кезінде Абай даңғылы 150/230 мекен жайындағы тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқанын хабарланған. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде қатты түтін үстіңгі қабаттағы тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп тұрды. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін АЛ-37 авто баспалдағы пайдаланылды. Өртті сөндіру кезінде төменгі қабаттардан 60 адамды шығарып үлгердік. Алайда 11-қабаттан жоғары тұратындардың жолы кесілді, көпшілігі 101-ге хабарласып, көмек сұрап жатты, - делінген хабарламада.
Өрт жарты сағатта өшірілген, сағат 00:22 кезінде 30 шаршы метрге жайылған жалын толығымен өшті. Өртті өшіруге жеке құрамның 60 қызметкері мен 18 техника жұмылдырылған.
Өрт болып жатқаны жайлы осы үйдің ең жоғарғы қабатында тұратын тұрғын хабар берді. Соның арқасында өрт сөндірушілер екі ересек пен 3 және 6 жастағы баланың өмірін сақтап қалды, - делінген хабарламада. 

ТЖД үй ауласына қойлыған автокөліктер өрт сөндірушілерге кедергі келтіргенін мәлімдеді. 

"109" эвакуатор қызметі жол бойына қойылған көліктерді жедел алып кетпегенде адам шығыны болар еді,-делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы