Бас жаңалықтар
Алматыда көлік санын төмендету мәселесі қаралды
12 Желтоқсан 2019, 11:12 6505

Алматыда көлік санын төмендету мәселесі қаралды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы жолдарды кеңейте алмаймыз, есесіне көліктердің санын қысқартуға күш салу керек. Қалаға сырттан келетін көліктер саны да жоғары. Мұның шешімі қоғамдық көлікті дамыту болып отыр. Бұл туралы қаланы мобильдендіру бойынша халықаралық сарапшы Елена Ерзакович "Kazakhstan Urban Conference-2019" конференциясында айтты.

Оның айтуынша, халықты қоғамдық көлікке көшіру үшін алдымен олардың жылдам жүруін қамтамасыз ету керек.
Қалада жол көлік оқиғасынан көз жұматындар саны жоғары. Алматы - 2050 стратегиясына адам шығынын азайту мәселесі де кіріп отыр және сол бағытта жұмыс істейміз. Қала бойынша миллиардтаған қаражат айналма жолдар салуға жұмсалуда. Алайда бұл қаладағы көлік кептелісін шешіп жатқан жоқ, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол Алматыдағы көліктің басым көпшілігі Еуропалық стандартқа сай келмейтінін, ауаға улы затты көп бөліп жатқанын айтты.

БРИ.jpg
Бізге көліктердің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажет. Автобустады газға көшіргенімен жеке көліктер ауаны ластауын тоқтатқан жоқ, осы тұрғыда бір шешімге келу керек, - дейді сарапшы.
Сөз арасында ол, автобус жүргізушілерінің немқұрайлығын сөз етті.
Қала тұрғындары көбінде автобустар арасындағы уақыттың ұзақтығына және жүргізушілердің жауапсыздығына наразылық танытып жатыр. Көптеген жылдан бері металға көңіл бөліп келсек, енді кадр мәселесіне де назар аудару қажет. Алдымен жүргізушілерге дұрыс қызмет көрсетуді үйрету керек, - деді ол.
Жиын барысында ол Алматы ТМД елдері ішінде БРТ жобасын алғашқы болып іске қосқанын, алайда екі жылдан бері қалада бұл жұмыс тоқтап тұрғанын айта келе автобустарға арналған жолақты әлі де кеңейте түсу керек деген ойын білдірді.

 

Фото: автордан
Загрузка...