Алматыда көлік айналарын ұрлап келген топ ұсталды

3 Тамыз 2020, 15:20
1766
Бөлісу:
Алматыда көлік айналарын ұрлап келген топ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда көлік айналарын ұрлауға маманданған ұрылар тобы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.


Алматы полициясы арнайы жасақ сарбаздарымен бірге көлік айналарын ұрлаумен айналысқан 1988 және 1999 жылы туған үш ер адамды ұстады. Ұсталғандар Алматы облысының Жамбыл ауданының тұрғындары екені анықталды.
Жастар қымбат көліктерден бірнеше айна ұрлады деген күдікпен ұсталған. Қаскөйлер түнде, негізінен қаланың орталық бөлігінде жұмыс жасады. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған адамдардың осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды: біздің ауданда төрт факт орын алды. Тағы біреуі – Медеу ауданында. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Жаңа эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда, – дейді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников. 
колык.jpeg

Сондай-ақ, ол ұрланған автокөлік айналарын сату арналарын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Ұсталғандардың бірі бұған дейін мүліктік қылмысы үшін сотты болған. Бұл топтың қанша уақыт жұмыс істегені әрі қарай зерттелетін болады.
Өзгелердің жаңалығы