Мамандар Алматыда көгершіндер неден өлгенін тексеріп жатыр

26 Наурыз 2020, 11:17
1314
Бөлісу:
Мамандар Алматыда көгершіндер неден өлгенін тексеріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ.  Орман шаруашылығы комитетінің мамандары Алматыдағы 28 панфиловшылар саябағындағы көгершіндер неден өлгенін зерттеп жатыр.

Болған жағдайды анықтау үшін Алматы облысындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп өлген құстардың сынамасын алып зертханалық тексеріс жүргізеді. Құстардың неліктен өліп, әлсірегені зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болады, – дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Дилдахмет.

Кешеден бері желіде 28 панфиловшылар саябағында өлген көгершіндердің видеолары мен суреттері тарап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары құстардың өліміне дезинфекциялық жұмыстар әсер етті деген болжамда.
Өзгелердің жаңалығы