Бас жаңалықтар
Алматыда "Ізгілік елшісі" атты еріктілердің ұлттық жобасы таныстырылды
PHOTO
16 Қазан 2019, 11:32 517

Алматыда "Ізгілік елшісі" атты еріктілердің ұлттық жобасы таныстырылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жоба еліміздегі көпбалалы аналарға, қарттарға және балалары түрлі аурумен ауыратын отбасыларға қолдау көрсету үшін құрылды. Бұл туралы аталған жобаның жетекшісі Айгүл Сәбитова Алматыда өткен жиын кезінде айтты. 

Алматыдағы жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері қатысқан жиын кезінде ұйымдастырушыла жоба жайлы толыққанды мағлұмат беріліп, еріктілердің осы қозғалысын қолдауға шақырды. 

хан2.jpg

Аталған жоба Алматы қаласы Жемқорлыққа қарсы агенттігінің ұйымдастыруымен іске асырылып отыр. Жоба жетекшісі Айгүл Сәбитованың айтуынша, еріктілердің қозғалысы жұмысын осыдан екі апта бұрын бастаған және осы аралықта қаладағы 18 отбасыға көмектесіп үлгерген. 

"Еріктілердің бұл жобасы айналамыздағы көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беруге, жалпы жастарды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге арналған. Мәселен, төрт-бес баланы жалғыз асырап отырған аналар бар немесе баласы ДЦП-мен ауыратын отбасылар бар. Еріктілер соларға барып көмектеседі, аналары бір сағат болсын тынықса дейміз. Сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсетіп жатқандар да бар. Біз осы жобаны республика бойынша дамытқымыз келеді, және қаладағы университеттер де атсалысса дейміз", - дейді Айгүл Сәбитова. 

хан1.jpg

Жиынға келге ректорлар қоғамға пайдасы бар мұндай жобаны қолдап, оны дамыта түсу керек деген ойларын білдірді. 

"Бұл ұлттық жобаны қолдаймыз. Әр университеттің өз саласы бар, мәселен аз қамтылған отбасындағы балаларын Өнер академиясы мәдени шараларға тартса деймін. Біздің аграрлық университеттің суденттері ауылды жерден шыққан, олар мұндай отбасылардың күйзелісін жақсы түсінеді. Мұндай іске студенттерді ғана емес, магистрлер мен оқытушыларды, профессорларды да тартса жақсы болар еді", - дейді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов.

хан3.jpg



Фото: автордан
Загрузка...