Алматыда ірі сауда желілерінің тағы 49 филиалы ашылды

9 Қаңтар 2022, 18:50
3635
Бөлісу:
Алматыда ірі сауда желілерінің тағы 49 филиалы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, дистрибьюторлардың қоймаларында азық-түлік қоры жеткілікті, деп хабарлады «Хабар24».

 Сондай-ақ бүгін 3 ірі базар жұмысын жандандырды. Қалған базарлар 2 тәулікте тұрғындарды қабылдайды. 

Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаладағы 15 дәріхана зардап шеккен. Дегенмен күн санап, олардың жұмысы да реттеліп келеді. Қазір жүзден астамы жұмыс істеп тұр. Бірақ кешкі 7-ге дейін ашық. Тек үшеуі тәулік бойы ашық болады. Алматыдағы сұйытылған газ бағасы литріне 70 теңгеге дейін арзандатылған. Бұрын 120 теңге еді. Жалпы, іске қосылып жатқан жанар-жағармай құю бекеттерінің де саны артып келеді. 

 Қалада 239 сондай нысан бар. Оның 44-і кеше жұмысын бастады. Бүгін түстен кейін тағы 30 обьект ашылады. Жалпы алдымыздағы аптада бүкіл бензин, ГСМ-ға қатысты тауарлар алматылықтарға қолжетімді болатынын біз қамтамасыз ететін боламыз, - деді  қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.

Өзгелердің жаңалығы