Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған

23 Шілде 2021, 23:10
3688
Бөлісу:
Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ондаған алматылық қаладағы ірі интернет-дүкеннің кеңсесіне барды. Олардың барлығы соңғы жылдары дүкеннен тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және дәрі-дәрмектер алып отырған. 

Еуразия бірінші арнасының хабарлауынша, кейіннен дүкен қызметкерлері оларды жақсы хабармен қуантып, олардың лоторея жеңімпаздары атанғандарын, пәтер және көлік тәрізді бағалы сыйлықтар ұтып алғандарын хабарлаған. Дегенмен сыйлықты рәсімдеу үшін 200 000-нан 7 млн теңгеге дейін қосымша қаражат керек екеніне сендірген.

Маған KBT-store-дан хабарласып, елордадан пәтер ұтып алғанымды айтты. Алайда құжатты алу үшін жарты млн теңге төлеуімді сұрады. Мен несие алып, ақшаны ұстаттым, кейіннен маған осы сомаға тауар алдыңыз деген хабарлама келді. Ешқандай пәтер жоқ, - дейді ол.

Ал Алматы тұрғыны Марат Әденовтің айтуынша, ол үнемі осы дүкеннен дәрі-дәрмек алғаннан кейін оларға сеніммен қараған. 

Маған тұрақты клиент екенімді айтып, ұтысқа қатысқанымды, 9,5 млн теңге тұратын көлік ұтып алғанымды айтты. Ол үшін 280 мың ақша жіберу керек деді. Енді көлік те, ақша да жоқ. Күтіңіз дейді, - дейді ол.

Ұтыс деп алданып қалғандардың саны күн санап артып келеді. Олардың көбісі елдің әр өңірінде тұратын зейнеткерлер, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар. Олардың ақшалары қайтарыла ма белгісіз. Әзірге полицияға бір ғана шағым түсті.

Компаниядағылар болса, ішкі тексерісті бастап кеткенін, ал құнды сыйлықтар ұтысы расымен әр ай сайын болып жатқанына сендірді. 

Клиент белгілі бір тауарды таңдап, тапсырыс береді. Сол арқылы компания ұйымдастырған конкурсқа қатысады. Жыл көлемінде клиенттер ұтқан пәтерлерін алып отырады. Барлығының нөмірі бізде бар, - деді компания директорының орынбасары Ерік Тоғызбаев. 

Өзгелердің жаңалығы