Алматыда инфекция тараған жаңа ошақтар анықталды

3 Сәуір 2020, 18:21
1369
Бөлісу:
Алматыда инфекция тараған жаңа ошақтар анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қалада 14 індет ошағынан шектеу шаралары алынғанын мәлімдеді.

Департамент дерегіне сәйкес коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты шектеулер алынған.

Шектеу алынған мекенжайлар:

- Алатау ауданы – "Заря Востока" ш/а, Сары-ой к-сі, 234;

- Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;

- Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242;

- Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Достық к-сі, 111;

- Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;

- Түрксіб ауданы –  "Алтай-1" ш/а., 8;  "Жас Қанат" ш/а., 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а.

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова қалада белсенді 28 үй ошағы бар екенін мәлімдеді. Жалпы барлығы 42 ошақ болған, қалғандары инкубациялық кезеңнің аяқталуына қарай алынып тасталған.

3 сәуір күнгі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында - коронавирус инфекциясының 28 ошағы бар:

- Әуезов ауданында – 6 ошақ аймағы: "Жетісу-2" ш/а., 70а; "Мамыр-4" ш/а,, 313; 6 ықш./ауд., 35; 1 ықш.ауд., 28; "Мамыр" ықш.ауд., 4, 54; Афцинао, 4.

- Алатау ауданында – "Ақкент" ықшамауданы, 7; "Ақбұлақ" ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190 мекенжайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы.

- Алмалы ауданында — 2 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан.

- Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62 мекенжайы бойынша 4 ошақ; "Самал-3" ш/а., 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493.

- Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; ш/а 4 ошақ. "Құлагер", 45; Борзов к-сі, 85.

- Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелген: "Жұлдыз" ш/а., 45; "Жұлдыз-1" ш/а., 13.

- Бостандық ауданында – Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; "Орбита-1", 27 мекенжайлары бойынша 4 ошақ.

- Наурызбай ауданында – Береке көшесінің 1/97-і ошағы.

Өзгелердің жаңалығы