Алматыда Hayat-Vax пен CoronaVac вакциналары бітіп қалды

12 Шілде 2021, 18:08
3024
Бөлісу:
Алматыда Hayat-Vax пен CoronaVac вакциналары бітіп қалды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қазір қалада коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы салынуда. Ал, Hayat-Vax пен CoronaVac вакциналары таусылып қалған.

Қалада «Спутник V» вакцинасының қоры жеткілікті. Сондай-ақ QazVac вакцинасының бірінші компоненті салынуда. Өкінішке қарай, Hayat-Vax пен CoronaVac вакцинасы таусылып қалды, - деді ол. 

Сонымен қатар ол Америкада өндірілетін Pfizer вакцинасы қашан елге жеткізіледі деген сауалға жауап берді.

Pfizer вакцинасының тиімділігі көптеген елде дәлелденді. Бұл вакцина Қазақстанға дәл қай күні жеткізілетінін дөп басып айта алмаймыз. Қазір оны жеткізу бойынша тек келіссөз жүріп жатыр, - деді Табынбаев. 

 

Өзгелердің жаңалығы