Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

2 Наурыз 2021, 14:03
3461
Бөлісу:
Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасы хабарлады.

8 наурыздан 11 наурыз аралығында Алматы қаласында Шымбұлақ тау курортында фристайлдан “могул” және “шаңғы акробатикасы” дисциплиналарында әлем чемпионаты өтеді. Чемпионатқа 19 елден 140 cпортшы қатысады. Біздің елдің намысын “могул” және “шаңғы акробатика” дисциплиналарында Қазақстан құрамасы қорғайды,-делінген хабарламада. 

Сондай-ақ 13-14 наурыз аралығында фристайлдан әлем Кубогының (FIS Freestyle Ski World Cup) финалы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы