Алматыда есірткі қабылдап, масаң күйде рөлге отырған азамат ұсталды

24 Сәуір 2019, 18:10
2169
Бөлісу:
Алматыда есірткі қабылдап, масаң күйде рөлге отырған азамат ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда есірткі қабылдап, жүргізу куәлігінсіз рөлге отырған адамның жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД хабарлады.

Жол-патрулдік полициясы Тимирязев пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында Subaru көлігін тоқтатқан. Рөлде отырған жас жүргізушінің мінез-құлқы күдік тудырған, оның үстіне көлік жүргізу куәлігі де болмаған. 

«Ролде отырған азамат есірткі қабылдағандықтан масаң күйде болған. Нарколог дәрігерлер оны тексеру кезінде бұл фактіні растады. Жас жігіт осыдан бір апта бұрын "трамадол" есірткі затын қабылдағанын және ол ұзақ уақыт әсер ететінін айтты», - дейді жол-патрулдік полиция полкінің командирі Манап Саттаров.

1997 жылғы жүргізушіге қатысты көлікке мас күйінде отырғаны үшін хаттама толтырылған. Көлік арнайы айыптұрағына жеткізілді.
Өзгелердің жаңалығы