Алматыда ерекше көрме өтті

7 Қазан 2020, 20:41
1695
Бөлісу:
Алматыда ерекше көрме өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда алғаш рет ұлыбританиялық танымал эко-фотограф Мэнди Баркердің «Планета немесе пластик» атты көрмесі өтті.

Мэнди Баркердің теңіздегі пластикалық қалдықтар туралы фотолары соңғы 10 жыл ішінде әлемге танымал болды. 

Баркердің фотосуреттері әсерлі болып келеді. Оның суреттері 40-тан аса елдің баспаларында, оның ішінде National Geographic журналы, TIME журналы, The Guardian, The Financial Times және басқа да көптеген басылымда жарияланды. 

Алматыда ерекше көрме өтті

Сондай-ақ, фотограф БҰҰ-ның штаб-пәтерін, Лондондағы Виктория мен Альберт мұражайын және Гонконгтағы ғылыми-технологиялық паркте және тағы басқа орындарда көрме ұйымдастырды. Баркер шығармашылығы арқылы әлемге қамқорлықтың маңызын және болашақ ұрпаққа табиғатты сақтау маңызды екенін көрсеткісі келеді.

Қазір Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне көбірек көңіл бөліне бастағанына қуанып отырмыз. Біз Мэнди Баркердің тұтыну жауапкершілігі туралы туындыларын тағы бір рет еске салып, жастарға экологиялық мәселелерді шешу маңызды екенін түсіндіргіміз келеді, - дейді Telli Kazakhstan директоры Жанар Аленова.

Алматыда ерекше көрме өтті

Айта кетейік, Telli Kazakhstan галереясы 2015 жылы ашылған еді. 

Өзгелердің жаңалығы