Алматыда ерекше көрме өтеді

26 Ақпан 2019, 16:38
2575
Бөлісу:
Алматыда ерекше көрме өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Суретшілер одағының галереясында опера әншісі әрі суретші Лаура Күнгейдің «Періштелер қаласы» атты көрме-концерті өтеді.

Ол өз жұмыстарын футболкаға басып шығару жөнінде Американың Fashion-индустриясындағы дизайнерлік компаниямен келіссөз жүргізген алғашқы суретші.

Алматыда ерекше көрме өтеді

Вокал мен кескіндеу өнерін ұштастыра білген Лаура Кунгей академиялық вокал бойынша бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты.

Алматыда ерекше көрме өтеді

Көрме барысында қылқалам иесінің туындыларын тамашалап қана қоймай, оның керемет дауысын да естуге болады.

Көрменің ашылуы 1 наурыз күні кешкі сағат 18:30-да болады.

Өзгелердің жаңалығы